Грант алуға өтінім беру қалай жүргізіледі?
Business.enbek.kz порталында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» өтінімдер қабылдау басталған уақытта өтінім беру үшін:
- порталда тіркелу;
- «БастауБизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау;
- грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;
- өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.
Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет ғана беріледі.