"Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР Заңына сәйкес - мынадай: 1) тұтынушы газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларын бұзған; 2) газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері техникалық жарамсыз болған; 3) тұтынушы газ жабдығын өз бетінше қосқан; 4) газ тасымалдау ұйымының өкілдері газ құбырларына, газ жабдығына және есепке алу аспаптарына жіберілмеген; 5) тауарлық газын бөлшек саудада өткізу шартына сәйкес жеткізіліп берілген тауарлық газы үшін дебиторлық берешек болған; 6) осы баптың 6-1-тармағында көзделген, тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі шарт талаптары бұзылған жағдайларда, газ тасымалдау ұйымы бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы. Алайда, коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.