Қызылорда облысында сұрыптауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды қалдықтармен жұмыс істеу инфрақұрылымын дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні өңірде Қызылорда қаласында қуаты жылына 60 мың тонна «With You E&C Kyzylorda» ЖШС және Сырдария ауданында қуаты 3,5 мың тонна «Тереңөзек тазалығы» МКК-ның Тереңөзек кентінде сұрыптау желілері жұмыс істейді. Өңірдегі қалдықтарды сұрыптау және терең өңдеуді ынталандыру жүйесін қамтуды арттыру үшін кәдеге жарату қаражаты есебінен жеңілдікпен қаржыландыру шеңберінде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша 7 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Аталған жобаларды іске асыру кезінде барлық 9 аудан мен қала қалдықтарды сұрыптау бойынша қуаттармен жабылатын болады, олар сұрыптаудың жиынтық қуатын жылына 60 мың тоннадан 415 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.