Қызылорда облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 6 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар, Арал ауданы бойынша «Қуанышбек» ЖШС, Қазалы ауданы ЖК «Жалғасбаев Досмұқасан», Қармақшы ауданы Жосалы елді мекені және Ақай ауылы, Шиелі ауданы ЖШС «Сасқұм», Қызылорда қаласы ШЖҚ «Қызылорда тазалығы» МКК. Облыс бойынша медициналық ұйымдардың ішінде облыстық медициналық орталықта медициналық қалдықтарды жоюға арналған пеш-инсенератор, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында медициналық қалдықтарды өртеуге арналған арнайы қондырғылар (муфельтді пеш) жұмыс істейді. Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан қалған медициналық мекемелерде медициналық қалдықтар «ALIM-MED» ЖШС, «Манас-1» ЖК, «Оспанова» ЖК, «Golden Service» LTD, «Досэкосервис» ЖШС, «Барша и К» ЖШС, «Урумбаев Ерлан» ЖК, «Файызбаева» ЖК, «Р. Ержанова» ЖК, «Эко-Н Сервис» ЖШС, «Дезинфекция» ЖШС және «Қызылорда ПАУЭР» ЖШС сынды мекемелермен келісім-шарт негізінде тасымалданып, жойылады.