Бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік гранттар - ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы № 754 қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес, кәсіпкерлердің өтінімдерін конкурстық іріктеу негізінде өңірлік үйлестірушімен беріледі. Бизнес-идея деп – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастаманы айтады. Гранттың максималды сомасы – 5 млн. теңге. Бизнес-жобаны іске асыру мерзімі - 18 айдан аспайды. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкерге қойылған міндетті шарт:
1) Жобаны іске асыруға арналған шығыстарды, грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру (жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен/ақшалай қаражатпен);
2) Жаңа жұмыс орындарын құруы;
3) Бизнес-жобада инфрақұрылымның немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы тиіс.
Сонымен қатар, бюджетке, банк алдында міндетті берекшектері бар, мемлекеттік сатып алуда жосықсыз ретінде танылған, бұрын соңды осы грант алған кәсіпкерлер конкурсқа қатыса алмайды.