Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының 128 бабына сәйкес «Сараптама орталығының қорытындысын алғаннан кейін атқарушы орган конкурстық өтінімдерді қарау және қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдау үшін конкурстық комиссия құрады». Конкурстық комиссияның құрамы мәслихат, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады. Конкурстық комиссия комиссияға ұсынылған материалдарды жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында консультациялар мен түсініктемелер алу үшін ғылымның нақты саласы бойынша сарапшылар мен мамандарды тартуға құқылы.