«e-Otinish» АЖ-де өтінішті қалай беруге болады?
«e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады: eGov/eGovmobile сайты; Aitu мобильді қолданбасы; Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
Грант алуға өтінім беру қалай жүргізіледі?
Business.enbek.kz порталында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» өтінімдер қабылдау басталған уақытта өтінім беру үшін:
- порталда тіркелу;
- «БастауБизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау;
- грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу;
- өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.
Мемлекеттік грант 400 АЕК-ті құрайды және нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз негізде тек бір рет ғана беріледі.
«e-Otinish» АЖ-де өтінішті қалай беруге болады?
«e-Otinish» жүйесіне тіркелуге өтінішті төмендегілер арқылы беруге болады: eGov/eGovmobile сайты; Aitu мобильді қолданбасы; Қазақстан бойынша ХҚКО-дағы және әкімдіктердегі өтініш қабылдау орталықтары.
Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қалай тұруға болады
Бұған дейін тұрғын үй кезектілігімен жұмысшы орган болып табылатын, яғни аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысып келсе, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды, кезекке қоюды, жалға...
Менің отбасымдағы бір мүшені еске алуға арналған ат бәйгесінен спорттық жарыс өткзейін деп едім. Сіздер бөлм тарапыныздан қандай көмек болады.
Ең алдымен ат бәйгесін өткізу бойынша Сырдария ауданы әкімдігіне рұқсат алу жөнінде өтініш жолданады. Рұқсат берілген жағдайда, Сырдария ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі жарысты ұйымдастыруға қатысты жоспарлау, үйлестіру және өткізу жұмыстарына қолдау көрсететін...
Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскесін қалай алсам болады?
Кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесін алу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес сауда - саттыққа (аукциондарға) шығарылып беріледі. Кодекстің 48 бабының 3 тармағына сәйкес сауда - саттық аукционға арналған жер учаскесі: жер учаскесінің...
Жер кезегінде 2012 жылғы өтінішім түр. Осы өтінішім арқылы тұрғын үй салуым үшін жерді қалай алуға болады?
Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін табыстау Қазақстан Республикасының Жер Кодексімен реттеледі. Осы Кодекстің 44 бабының талабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөліп берілетін...
Аукционмен жер учаскесін қалай алуға болады?
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48-бабының талаптарына сәйкес «E-qazyna» мемлекеттік мүліктер тізілімі порталы арқылы сауда-саттыққа (аукционға) қатысу арқылы алуға болады.
Орталыққа кімдер жүгіне алады?
Орталыққа барлық адамдар (отбасылар) жүгіне алады. Орталық барлық жүгінген адамдарға (отбасыларға) ерікті негізде көмек көрсетуге және жан-жақты қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.
Қиын өмірлік жағдай дегеніміз не?
Қиын өмірлік жағдай – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде көзделген негіздер бойынша танылған адамның өз бетінше еңсере алмайтын тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын жағдай;