Мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек беріледі?

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек беріледі?

    Жауап

    Мемлекет тарапынан бөлім арқылы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 8 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Атап көрсеткенде:

    1. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық қамтамасыз ету;

    2. Техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз ету;

    3. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметімен қамтамасыз ету;

    4. Жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз ету;

    5. Санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

    6. Үйде күтім көрсету жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету;

    7. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

    8. Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Кәсіпкерлігін дамыту мақсатында қаржы институттарынан грант алу туралы

    Жауап

    «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азамат(ша) ретінде кезектілікке тұру туралы..

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мына жағдайларда мұқтаж деп танылады: 1. Есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағ...

    ·
    Сұрақ

    Тұрақты жұмыспен қамту туралы

    Жауап

    «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №482 Заңның 13-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және/немесе табысы (кірісі) жоқ еңбекке қабілетті жастағы жеке тұлғалар жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш білдірген кезде...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлікпен айналысып, мал шаруашылығын дамыту үшін жер учаскелерін қандай тәртіппен алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 48-бабының талаптарына сәйкес, ауыл шаруашылығымен айналысуға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін жер учаскелеріне құқық табыстау сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Жер ко...

    ·
    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық...

    ·
    Сұрақ

    Өтінішті қалай кері қайтарып алуға болады?

    Жауап

    Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 1) https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту; 2) «Меніңөтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу; 3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу; 4) себебі...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қалай тұруға болады

    Жауап

    Бұған дейін тұрғын үй кезектілігімен жұмысшы орган болып табылатын, яғни аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысып келсе, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды, кезекке қоюды, жалға...

    ·