Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қалай тұруға болады?

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке қалай тұруға болады?

    Жауап

    Бұған дейін тұрғын үй кезектілігімен жұмысшы орган болып табылатын, яғни аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысып келсе, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алуды, кезекке қоюды, жалға берілетін тұрғын үйлерді бөлуді жүзеге асыру қызметтері жергілікті атқарушы органнан «Отбасы банк» акционерлік қоғамына берілді.

    Кезекке тұру үшін соңғы бес жыл көлемінде атына тұрғын үй тіркелмеуі тиіс немесе жалғыз баспанасы апатты деп танылғандығы туралы арнайы сарапшылардың эксперттік қорытындысы болған жағдайда, электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып orken.otbasybank.kz ақпараттық жүйесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы өтінім бере алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көктемгі егін егу жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы қандай?

    Жауап

    Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге барлығы – 780 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысатын болады. Оның ішінде: 376 трактор , 196 трактор тіркемесі, 98 соқа , 47 дән сепкіш , 63 жүк көліктері.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты өтініштерді қайда және қалай тапсырылады?

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштерді тапсырудың тәртібі заңнамамен бекітілген және бірнеше ресми арна арқылы жүзеге асырылады: Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Электрондық үкімет» порталы (eGov.kz), «eGov mobile» қосымшасы арқылы және Мемлекеттік органның кеңс...

    ·
    Сұрақ

    Көшеге немесе нысанға кісі есімін беру туралы ақпарат сұрау

    Жауап

    Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі. Тұлғаның есімін өзектендірілетін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін жергілікті әкімдіктер құжаттардың «...

    ·
    Сұрақ

    Несие алу үшін қандай шарттар басты болып табылады?

    Жауап

    Бөлімге келіп кәсіп ашу бойынша ақпарат сұраған жеке кәсіпкер және жеке тұлғаға басты шартының қажет ететін несие тарихы таза яғни, ешқандай несие бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткізіп алған күндері болмау немесе жеке кәсіпкерлік шоттары ашық болуы және кепіл мүліктің құжаттары...

    ·
    Сұрақ

    Ауыл аманаты жобасы бойынша несие алу үшін қандай құжаттар дайындайды?

    Жауап

    Несие алушыға дайындалатын құжаттар тізбесі Р/с № Құжаттың атауы Құжат/мәліметтер түрі Ескертпе 1. Сауалнама – сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес микрокредит алуға арналған өтінім түпнұсқа/электрондық құжат 2. Өтініш берушінің/жұбайының жеке куәлігі, ө...

    ·
    Сұрақ

    Грант алуға өтінім беру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Business.enbek.kz порталында «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға» өтінімдер қабылдау басталған уақытта өтінім беру үшін: - порталда тіркелу; - «БастауБизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқу курсын аяқтау; - грант алу шарттарына сәйкесті...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік грантты (қайтарымсыз) алуға кімдер құқылы және қалай беріледі?

    Жауап

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант халықтың әлеуметтік осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандарға, қандастарға, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерге және мүгедек бала тәрбиелеушілерге к...

    ·