Жеке тұрғын үйге жер алу үшін өтініш қай органға беріледі?
Жеке тұрғын үйге жер алу үшін өтінішті жергілікті өзін-өзі басқару органына, яғни ауылдық, кенттік немесе қалалық әкімдіктеріне электрондық үкімет порталы арқылы жіберіледі.
Агроөнеркәсіп кешені саласына инвестиция тарту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?
Агроөнеркәсіп кешені саласына инвестиция тарту бойынша бірқатар жұмыстар жасалуда. Облысқа инвестиция тартуды тұрақты қамтамасыз ету мақсатында аймақтың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2026-2028 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы бекітілді.
Жол картада облыс бойынша құны 138,2 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобалар қамтылған. Бұл жобалардың жүзеге асырылуы 522 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2026 жылы құны 26,8 млрд. теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жол картадағы ірі жобаларды «Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде жеңілдетілген несие беру» бағдарламасы арқылы несиелендіру жоспарлануда.
2026 жылы облысқа бағдарлама аясында бойынша республикалық бюджеттен 3 жобаны 4,0 млрд. теңге қарастырылуда. 2024 жылы республикалық бюджеттен бөлінген 5 млрд.теңгеге 4 жоба қаржыландырылса, 2025 жылы бөлінген 850,0 млн.теңгеге 1 жоба қаржыландырылды. Қазіргі таңда бұл жобалар бойынша ағымдағы жылы іске қосылуға жұмыстар жүргізуде.
Жеке тұрғын үйге жер алу үшін өтініш қай органға беріледі?
Жеке тұрғын үйге жер алу үшін өтінішті жергілікті өзін-өзі басқару органына, яғни ауылдық, кенттік немесе қалалық әкімдіктеріне электрондық үкімет порталы арқылы жіберіледі.
Қызылорда қаласы бойыншаауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қандай?
Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшеріОблыстық Мәслихат пен облыс әкімиятының 2014 жылғы 02 шілдедегі №203/633бі...
Қызылорда қаласы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері қандай?
Уақытша жер пайдалану құқығымен ҚР-ның азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең...
Қызылорда қаласының 1 (бір) шаршы метрге төлемақының базалық ставкасы қанша теңге?
«Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №369 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №19 шешіміне өзге...
Жер учаскесіне құқықты табыстау реттілігі қандай?
ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер учаскесіне құқық беру төмендегідей тәртіппен жүргiзiледi: 1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау; 2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынш...
Пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет қайтарып ала алады ма?
Мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мемлекет мәжбүрлеп алып қоюға құқылы.
ҚР азаматтарына бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін берілетін жер көлемі?
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 2 тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар мөлшерде жер беріледі.
ҚР азаматтарына бау-бақша үшін берілетін жер көлемі?
ҚР Жер кодексінің 50-бабының 2-1 тармағының Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері ҚР азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.