Мал шаруашылығын дамыту бағытында қандай жеңілдетілген несиелендіру бағдарламалары бар?

    ·
    Сұрақ

    Мал шаруашылығын дамыту бағытында қандай жеңілдетілген несиелендіру бағдарламалары бар?

    Жауап

    Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметімен Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Кешенді жоспар аясында мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру мақсатында асыл тұқымды мал басын сатып алуға жылдық 6%-бен "Игілік", "Береке" сонымен қатар, "Жайлау" 300 бас ірі қараға және 1000 бас ұсақ малға арналған жайылымдық инфраструктурамен қамтамасыз етілген ферма құру бағытында несиелік бағдарламалары іске қосылуда.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қызылорда қаласы бойыншаауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қандай?

    Жауап

    Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшеріОблыстық Мәслихат пен облыс әкімиятының 2014 жылғы 02 шілдедегі №203/633бі...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері қандай?

    Жауап

    Уақытша жер пайдалану құқығымен ҚР-ның азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласының 1 (бір) шаршы метрге төлемақының базалық ставкасы қанша теңге?

    Жауап

    «Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №369 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №19 шешіміне өзге...

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесіне құқықты табыстау реттілігі қандай?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер учаскесіне құқық беру төмендегідей тәртіппен жүргiзiледi: 1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау; 2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынш...

    ·