Мемлекеттік грантты (қайтарымсыз) алуға кімдер құқылы және қалай беріледі?

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік грантты (қайтарымсыз) алуға кімдер құқылы және қалай беріледі?

    Жауап

    Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант халықтың әлеуметтік осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандарға, қандастарға, еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектерге және мүгедек бала тәрбиелеушілерге конкурстық негізде 400 АЕК (еселенген айлық есептік көрсеткіш) мөлшеріне дейін беріледі. Грант беру комиссия мүшелерінің қолдауымен, комиссия отырысында шешіледі. Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауыл аманаты жобасы бойынша несие алу үшін қандай құжаттар дайындайды?

    Жауап

    Несие алушыға дайындалатын құжаттар тізбесі Р/с № Құжаттың атауы Құжат/мәліметтер түрі Ескертпе 1. Сауалнама – сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі құжаттарына сәйкес микрокредит алуға арналған өтінім түпнұсқа/электрондық құжат 2. Өтініш берушінің/жұбайының жеке куәлігі, ө...

    ·
    Сұрақ

    Насие алу үшін қандай шарттар басты болып табылады?

    Жауап

    Бөлімге келіп кәсіп ашу бойынша ақпарат сұраған жеке кәсіпкер және жеке тұлғаға басты шартының қажет ететін несие тарихы таза яғни, ешқандай несие бойынша 90 күннен асқан мерзімі өткізіп алған күндері болмау немесе жеке кәсіпкерлік шоттары ашық болуы және кепіл мүліктің құжаттары...

    ·
    Сұрақ

    Көшеге немесе нысанға кісі есімін беру туралы ақпарат сұрау

    Жауап

    Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі. Тұлғаның есімін өзектендірілетін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін жергілікті әкімдіктер құжаттардың «...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты өтініштерді қайда және қалай тапсырылады?

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштерді тапсырудың тәртібі заңнамамен бекітілген және бірнеше ресми арна арқылы жүзеге асырылады: Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Электрондық үкімет» порталы (eGov.kz), «eGov mobile» қосымшасы арқылы және Мемлекеттік органның кеңс...

    ·
    Сұрақ

    Көктемгі егін егу жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы қандай?

    Жауап

    Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге барлығы – 780 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысатын болады. Оның ішінде: 376 трактор , 196 трактор тіркемесі, 98 соқа , 47 дән сепкіш , 63 жүк көліктер

    ·