Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша алу шарттары?

    ·
    Сұрақ

    Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша алу шарттары?

    Жауап

    Субсидиялау ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға, құрылыс салуға арналған қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады. 1. ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға;
    2. ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға;
    3.инвестициялық мақсаттарға;
    (жеңіл және жолаушылар көлігін қоспағанда);
    4. құрылыс салуға.
    Ауыл шаруашылығы жануарларын, инвестиция, құрлыс салуға 6%-ын қарыз алушы төлейді.
    Арнайы құрастырылған/отандық техника мен жабдықтар бойынша лизингте 6%-ын қарыз алушы төлейді.
    Шетелдік құрал-жабдықтар үшін субсидияланған мөлшерлеме 15%-ын қарыз алушы төлейді, қалғанын мемлекет өтейді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қызылорда қаласы бойыншаауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қандай?

    Жауап

    Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшеріОблыстық Мәслихат пен облыс әкімиятының 2014 жылғы 02 шілдедегі №203/633бі...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері қандай?

    Жауап

    Уақытша жер пайдалану құқығымен ҚР-ның азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласының 1 (бір) шаршы метрге төлемақының базалық ставкасы қанша теңге?

    Жауап

    «Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №369 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №19 шешіміне өзге...

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесіне құқықты табыстау реттілігі қандай?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер учаскесіне құқық беру төмендегідей тәртіппен жүргiзiледi: 1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау; 2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынш...

    ·