Сатып алынған минералды тыңайтқыштарға субсидия алу үшін не істеу қажет?

    ·
    Сұрақ

    Сатып алынған минералды тыңайтқыштарға субсидия алу үшін не істеу қажет?

    Жауап

    "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 66 тармағына сәйкес, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құны сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтінім береді. Тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электронды түрде осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінім береді.
    Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) берген және ЭЦҚ-сы қойылған өтінімнің (өтпелі өтінімнің) СМАЖ-да тіркелуі тиіс. Сонымен қатар, СМАЖ-да ауылшартауарынөндірушіде (ауылшаркооперативінде) деректері СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде расталған жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін тыңайтқыш өндірушінің СМАЖ-да жеке шоты болуы қажет

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қызылорда қаласы бойыншаауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қандай?

    Жауап

    Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшеріОблыстық Мәслихат пен облыс әкімиятының 2014 жылғы 02 шілдедегі №203/633бі...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері қандай?

    Жауап

    Уақытша жер пайдалану құқығымен ҚР-ның азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең...

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда қаласының 1 (бір) шаршы метрге төлемақының базалық ставкасы қанша теңге?

    Жауап

    «Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №369 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №19 шешіміне өзге...

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесіне құқықты табыстау реттілігі қандай?

    Жауап

    ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер учаскесіне құқық беру төмендегідей тәртіппен жүргiзiледi: 1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау; 2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынш...

    ·