Көшеге немесе нысанға кісі есімін беру туралы ақпарат сұрау

    ·
    Сұрақ

    Көшеге немесе нысанға кісі есімін беру туралы ақпарат сұрау

    Жауап

    Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі.

    Тұлғаның есімін өзектендірілетін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін жергілікті әкімдіктер құжаттардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 25-5 бабы: «Ономастика жұмысының критерийлеріне» және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкестігін ономастикалық жұмысшы тобының отырыстарында қарайды, қолдау тапқан ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясының, әрі қарай Республикалық ономастика комиссиясының отырыстарында қаралады. Республикалық ономастика комиссиясы облыстардан түскен ұсыныстарды сараптап, нәтижесімен «Тарихи тұлғалар» тізімін бекітіп, басшылыққа алып жұмыс жасау үшін әкімдіктерге жолдайды.

    «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген тұлғалар бойынша Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасына» сәйкес көшеге атау беру жұмыстарын ұйымдастырады. Қағидаға сәйкес жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіледі, ұсыныстар қалалық, аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданады. Облыстық маңызы бар қаланың көшесіне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады.

    Ұсыныстарды қарау нәтижесімен облыстық, Республикалық ономастика комиссиялары Қорытынды береді. Берілген қорытынды негізінде кент, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады. Аудандық маңызы бар қалалардың көшелеріне шығарылған облыстық ономастика комиссиясының Қорытындысына Республикалық ономастика комиссиясының келісімі алынғаннан кейін, аудандық сессияда қаралып, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылады. Облыстық маңызы бар қаланың көшелеріне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясысының Қорытындысы негізінде облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азамат...

    ·
    Сұрақ

    Азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілеме?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар сұранысы жоғары азық-түлік тауарларымен азық-түлік емес тауарлардың, мұнай өнімдерінің бағасын күнделікті мониторинг жүргізу, олардың бағасын тұрақтандыру бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан жұмыстар апталық, тоқсандық мерзімде жүргі...

    ·
    Сұрақ

    Газдың иісін сезсеңіз не істеу керек?

    Жауап

    Егер пәтерде, кіреберісте немесе үй маңында газдың иісін сезсеңіз — бұл өте қауіпті жағдай, және шұғыл әрі дұрыс әрекет ету қажет.Алғашқы әрекеттер:1.Электр жарығын және электр құралдарын қоспаңыз.2.Тіпті аздаған ұшқынның өзі жарылысқа себеп болуы мүмкін.3.От жақпаңыз — темекі ше...

    ·