Адамдар көп жиналатын террористік тұрғыдан осал (бұдан әрі - ТТО) объектілерге білім алушылар мен персоналдың нақты саны 100 (бір жүз) және одан көп білім беру ұйымдары, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жатады.
Білімі беру ұйымдарына терроризмге қарсы паспорт жоғарыда аталған өлшемшартқа сәйкес келген жағдайда және ТТО объектілердің аумақтық тізбесіне енгізілгеннен кейін жасалады.
Осы орайда ТТО объектілерінің аумақтық тізбесіне объектілерді енгізу, шығару және тиісті өзгерістерді жасау бойынша өтінімдер жылына екі рет, бірінші кезеңі бойынша өтінімдер 1 маусымға дейін қабылданып, тізбе 1 тамыздан кешіктірмей бекітіледі және екінші кезеңінде өтінімдер 1 желтоқсанға дейін қабылданып, келесі жылдың1 ақпаннан кешіктірмей тізбені бекіту жүргізіледі. Тізбе бекітіліп, объекті тізбеге енгізілгеннен кейін объектінің меншік иесімен бұл туралы хабарлама алған күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде әзірленіп бекітіледі және паспорт полиция органдарымен келісіледі.