Автокөлікке қызмет көрсету сервис объектілерін, яғни жанармай құю бекетінің құрылысы үшін экологиялық рұқсат құжаттарын алу міндетті ме?

    ·
    Сұрақ

    Автокөлікке қызмет көрсету сервис объектілерін, яғни жанармай құю бекетінің құрылысы үшін экологиялық рұқсат құжаттарын алу міндетті ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI бұйрығымен бекітілген Экологиялық кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы (оператор) келесідей заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізе алады. Кодекстің 12 – бабына сәйкес және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №246 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес объектінің санатын анықтауы қажет болып табылады.

    Сонымен бірге, Кодекстің 96 – бабының 1 – тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті.

    Бұған қосымша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген, «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидасының 11 бөлім, 48 – тармағы 6) сәйкес автомобиль көлік құралдарына мотор отынының барлық түрлерімен (сұйық және газды мотор отынымен) құюға арналған объектілер (автомобиль жанармай құю станциялары және май құю бойынша басқа қондырғылар) санитарлық қорғаныш аймағы 100 метр деп көрсетілген.

    Яғни, объектінің ластаушы көздерінен ең жақын орналасқан тұрғын аймаққа дейінгі арақашықтық 100 метр аралықты сақтауы қажет.

    Жоғарыдағыны баяндай келе, автокөлікке қызмет көрсету сервис объектілерін салу кезеңінде экологиялық заңнама талаптары сақталған жағдайда қызмет жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Облыс аумағында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қай кезде және қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Белгіленген талаптарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстары жылына 2 рет, көктемде және күзде жүргізіледі. Заласыздандыру жүргізілетін елді мекендер тізімі облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен анықталса, олардағы мал бастары, қора, суат, шаңлақтар мен қолдан...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлік нысанға инфрақұрылымды тарту мүмкіндігі барма?

    Жауап

    ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы № 754 қаулысымен бекітілген «Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидалары» негізінде жүзеге асырылады.Инфрақұрылым түрлері – су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау,...

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу үшін қайда жолығамыз

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылу үшін кәсіпкер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына» сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері...

    ·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.09.2024 жылғы №754 қаулысымен бекітіліген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары қағидаларымен регламенттеледі.Бизнес-идея деп – тауарларды шығаруды, қызметтер...

    ·
    Сұрақ

    Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер телімін қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде жер телімін алу үшін келесідей жолдары бар:1. ҚР Жер кодексінің 48-бабында көрсетілген ерекше жағдайларға сәйкес жер учаскесін сауда-саттықсыз алу. Бұл ретте, жоба инвестициялық жобаларды іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тіз...

    ·
    Сұрақ

    Интернет жылдамдығының төмен болуының негізгі себептері қандай?

    Жауап

    Интернет жылдамдығының төмендеуі желі жүктемесінің артуы, кибершабуылдар салдарынан магистральдық арналардың жүктелуі және базалық станциялардың жеткіліксіздігі немесе олардың алынуы нәтижесінде қамту аймағының қысқаруымен байланысты.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты ақпаратты қайдан алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты «Электрондық үкімет» порталынан (eGov.kz), 1414 бірыңғай байланыс орталығынан, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚКО/ЦОН), тиісті мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан немесе қызметті беруші мемлекеттік органдарға тіке...

    ·
    Сұрақ

    Байланыс қызметінің сапасына қатысты қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Байланыс қызметінің сапасына қатысты мәселелер бойынша азаматтар Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникация комитетінің облысаралық байланыс инспекцияларына,сондай-ақ,облыс әкімдіктеріне шағымдана алады.

    ·