«Әлеуметтік әмиян» — мемлекеттің әлеуметтік қолдау сервисі, оның ішінде тегін дәрі-дәрмектерді беру механизмін цифрлық форматқа көшіру үшін жасалған. Яғни, егер адам амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы болса — ол қағаз рецепт алмастан, электронды түрде eGov- mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін дәріні ала алады. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 89 бұйрығында амбулаториялық жағдайларда дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар QR-код арқылы немесе коды бар SMS хабарламаларды пайдалана отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар рецепттерді жазып және беруді қамтамасыз етеді.