Музей қоры Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 151-НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларына сәйкес сатып алу және сыйға алу, археологиялық және этнографиялық экспедициялар нәтижесінде табылған жәдігерлер, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке тұлғалардан қабылдау арқылы толықтырылады. Қорды толықтыру жұмыстары арнайы құрылған сатып алу (қабылдау) комиссиясының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Комиссия ұсынылған жәдігерлердің тарихи, мәдени және ғылыми құндылығын, түпнұсқалығын және сақталу жағдайын сараптап, музей қорының талаптарына сәйкестігін анықтайды. Комиссияның оң қорытындысы бойынша экспонаттар тиісті құжаттармен рәсімделіп, есепке алынады, инвентарлық нөмір беріледі және музей қорының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. Бұдан кейін олар сақтауға қойылып, ғылыми зерттеу мен экспозициялық жұмыстарға пайдаланылады.