Жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қандай жағдайларда белгіленеді?

    ·
    Сұрақ

    Жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қандай жағдайларда белгіленеді?

    Жауап

    Қысқа жауап:

    1-қадам.
    Автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы белгіленеді.

    2-қадам.
    Қажет болған жағдайда әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесіне қатысты біліктілік талабы конкурстық құжаттамада белгіленеді.

    3-қадам.
    Бұл талап мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген соманың мөлшеріне байланысты айқындалады.

    4-қадам.
    Егер конкурс (лот) тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерінен асса, әлеуетті өнім берушінің кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі болуы талап етіледі.

    5-қадам.
    Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 50 000 еселенген мөлшерінен асса,кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

    6-қадам.
    Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 100 000 еселенген мөлшерінен асса,кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

    7-қадам.
    Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 150 000 еселенген мөлшерінен асса,кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

    8-қадам.
    Егер бөлінген сома айлық есептік көрсеткіштің 200 000 еселенген мөлшерінен асса, әлеуетті өнім берушінің кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы талап етіледі.

    Толық жауап:

    « Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының» (бұдан әрі-Қағида) 80-тармағына сәйкес Сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер нарығында әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде, оның ішінде ұқсас (ұқсас) түрлер, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптары осы Қағидаларда белгіленген талаптарды ескере отырып, конкурстық құжаттамада белгіленуі мүмкін.

    Қағиданың 81-тармағында «Егер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы тиісті рұқсаттың болуы талап етілетін жұмыстар және (немесе) көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылған жағдайда, жұмыс тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талабы қойылмайды» делінген.

    Қағиданың 82-тармағына сәйкес жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қойылмайды.

    Сонымен қатар Қағиданың 83-тармағында әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде белгіленетіндігі көрсетіледі.

    Осы Қағиданың 84-тармағында қағиданың 83-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талабы қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамада мынадай өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді:

    1) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бір жылды;

    2) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, екі жылды;

    3) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, үш жылды;

    4) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, төрт жылды;

    5) егер конкурс (лот) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бес жылды құрайды.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2400000106

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Электрондық дүкен дегеніміз не?

    Жауап

    Қысқа жауап: Электрондық дүкен – интернет арқылы тауарларды (кейде қызметтерді) қашықтан сатып алуға және сатуға арналған онлайн сауда алаңы. Онлайн платформа Электрондық дүкен веб-сайт немесе мобильді қосымша түрінде жұмыс істейді. 1)Электрондық сауда алаңында талаптарға сәйкес...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алудың жылдың жоспары қандай мәліметтерді қамтуы тиіс.

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мынадай мәліметтерді қамтиды:1) мемлекеттік сатыпалудың сәйкестендіру коды; 2) қосылғанқұн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда,анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсе...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі қандай?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі: 1) біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпаратберген әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің; 2)жеңімпаздар деп айқындалған, мемлекеттік сатып алу ту...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері?

    Жауап

    Мемлекеттiк сатып алу туралы» ҚРЗ 2-б. 19)-тт. сәйкес, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері болып: әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алу саласындағы...

    ·