Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу қалай жүзеге асады?

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу қалай жүзеге асады?

    Жауап

    Жауап: Көрсетілетін қызмет 2 -этаптан тұрады.

    • Қағаз түрінде.
    • Ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтінішті, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.

    Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

    Қызмет көрсету нәтижесі:Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін келесі құжаттар ұсыну керек: өтініш, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері некеге тұру бұзу, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің көшірмелері,...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма?

    Жауап

    Сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғын үйді тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес тұрғын үй инспекциясы бөліміне қажетті құжаттарды ұсынып, жекешелендірілуі мүмкін.

    ·
    Сұрақ

    13. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға қалай кезекке тұруға болады?

    Жауап

    Қазақстанда тұрғын үй кезегіне тұру үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының порталындағы жеке кабинетке кіріп, өтінім беру қажет. 2025 жылғы 24 мамырдан бастап соңғы 5 жылда тұрғын үйі жоқ немесе ол апатты деп танылған барлық кәмелетке толған қазақстандықтар тұрғын үй жылжым...

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы техникасы мен жол-құрылыс машиналарын тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Жауап: Құжаттар тізімі: - Жеке тұлғалар үшін/заңды тұлғалар үшін өтініш. - Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат (сәйкестендіру үшін). - Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік...

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қандай субсидиялар қарастырылған?

    Жауап

    Жауап: Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шеңберінде мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға, техника мен жабдықтар сатып алуға, тыңайтқыштар мен тұқымдардың құнын арзандатуға субсидиялар, сондай-ақ инвестициялық субсидиялар көзделген. Нақты шарттар қолданыстағ...

    ·
    Сұрақ

    «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі " ММ ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесін алуға жәрдем көрсете ме?

    Жауап

    Жауап: Жер учаскелерін беру мәселелері "Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі"ММ құзыретіне жатады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік бөлімі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялық көмек көрсетеді және тиіс...

    ·
    Сұрақ

    Бизнес үшін мемлекеттік грантқа кім ие бола алады?

    Жауап

    Жауап: Негізгі бағдарламалар бастаушы кәсіпкерлерге бағытталған (ЖК 3 жылдан аспайтын мерзімде тіркелген). Жастар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне ерекше жағдайлар мен артықшылықтар беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары бар?

    Жауап

    Жауап: Қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру, қарыздарға кепілдік беру, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне оқыту түрінде қолдау шаралары көзделген.

    ·