Қаладағы бірнеше көше мен әлеуметтік нысандардың маңдайшаларында атаулар мен ақпараттық жазбалар мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес емес, кейбірі тек орыс тілінде, ал кейбірінде емле қателері бар. Қандай шара қолданылады?
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_ сәйкес келесі тәртіппен шешу тиіс:
1. Мониторинг және тексеру жүргізу
- Көше атаулары мен маңдайшаларға тілдік мониторинг жүргізіледі;
- Емле, терминологиялық, стилистикалық қателер анықталады;
- Фото-фиксация және акт толтырылады.
2. Нұсқама (ескерту) беру
- Нысан иелеріне немесе жауапты мекемелерге жазбаша ескерту жолданады;
- Кемшіліктерді жоюға мерзім белгіленеді.
3. Әдістемелік көмек көрсету
- Дұрыс аударма нұсқалары ұсынылады;
- Орфографиялық және терминологиялық кеңес беріледі;
- Мемлекеттік тіл нормалары түсіндіріледі.
4. Қайта бақылау
- Белгіленген мерзімнен кейін қайта тексеру жүргізіледі;
- Талаптар орындалмаған жағдайда, мәселе құзырлы органдарға жолданады.