ҚР ҮЕҰ құру және тіркеу тәртібі «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңмен және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ережелерімен реттеледі. Тіркеу процесі негізгі төрт кезеңнен тұрады.
1-кезең: Ұйымдастыру-құқықтық нысанын таңдау. ҮЕҰ құру үшін ең алдымен оның нысанын анықтау қажет. Жиі кездесетін түрлері: қоғамдық бірлестік (3 азаматтың бастамасымен); қоғамдық қор (жеке немес заңды тұлғалардың мүліктік жарналары негізінде); заңды тұлғалардың бірлестігі (заңды тұлғалардың өз қызметін үйлестіруі үшін); мекеме, жеке қор немес коммерциялық емес акционерлік қоғам.
2-кезең: Құрылтай құжаттарын дайындау. Тіркеу үшін келесі құжаттар пакеті әзірленеді: жарғы (ұйымның мақсаты, атауы, орналасқан жері, басқару тәртібі), құрылтай шарты (құрылтайшылар саны біреуден көп болған жағдайда), құру туралы шешім (хаттама, құрылтайшылардың жиналысында қабылданады).
3-кезең: Мемлекеттік тіркеуге өтінім беру. Құжаттар Әділет органдарына немес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тапсырылады.
4-кезең: ҮЕҰ дерекқорына мәлімет беру. Тіркеуден өткеннен кейін ҮЕҰ өз қызметі туралы мәліметтерді жыл сайын 31 наурызға дейін infonpo.gov.kz порталы арқылы ҮЕҰ дерекқорына ұсынуға міндетті. Бұл мәліметтерді бермеу мемлекеттік гранттар мен сыйлықақылар алуға шектеу қоюға немесе әкімшілік жауапкершіліккеәкеп соғады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142