Қазақстанда ұлттық стандартқа (СТ РК 988-2007 және СТ РК 989-2014) сай келмейтін мемлекеттік рәміздерді жою 2007 жылғы 4 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңымен және Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 137 бұйрығымен бекітілген Қағидалар негізінде жүзеге асырылады.
Стандартқа сай емес ту мен елтаңба ауыстырылуға және жойылуға тиіс. Рәміздер өртеу, балқыту, ұсақтау, материалды бөлшектеу немесе жырту арқылы жойылады және жою процесін арнайы құрылған комиссия жүргізеді, бұл туралы акт толтырылады. Пайдалануға жарамсыз рәміздерді қоқысқа тастауға тыйым салынады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032856