Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінеКөтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын қолдану үшін не істеу керек?

    ·
    Сұрақ

    Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінеКөтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын қолдану үшін не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» II тарау 4 тармағына сәйкес « Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бойынша ұсынылады». Тізбе аудандық білім бөлімі, аудандық көпбейінді орталық аурухана, аудандық денешынықтыру, спорт және туризм бөлімі, аудандық ветеринариялық станция, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудан әкімі аппаратының ұсынысы мен2023 жылғы 24 мамырдағы Жаңақорған аудандық прокуратурасының Ұсынуын негізге ала отырып, аудандық «Мансап орталығы» «Enbek.kz» порталының мониторинг мәліметі негізінде бекітіледі. Сұранысқа ие мамандықтар тізбесі тоқсанына 1 рет бекітіледі.

    Өтінім беру 2023 жылдан сенім білдірілген өкіл «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы) otbasybank.kz/programm-bank арқылы жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Порталда тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетінқызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:

    1. l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

    осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

    2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

    осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

    жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;

    неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетін қызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    Кредиттік бюродан есеп.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қандай жағдайда жалдау мерзімін ұзартудан бас тартуы мүмкін?

    Жауап

    Жер телімі осы уақытқа дейін еш игерілмесе (мысалы, ИЖС-қаберілген жерге 3 жыл ішінде үй салынбаса). Жалдау ақысы бойынша мемлекет алдында қарыздар болса. Жердің нысаналы мақсаты бұзылып, басқа мақсатта пайдаланылса.

    ·
    Сұрақ

    Арендалық жер учаскесінің мерзімін ұзарту тәртібі?

    Жауап

    Мерзімі аяқталуға жақын қалған арендалық жер учаскесінің (уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының) мерзімін ұзарту толықтай онлайн форматқа көшірілген және eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. ҚР Жер кодексінің 37-бабына сәйкес, егер сіз жерді мақсатты түрде пайдаланып, шарт т...

    ·
    Сұрақ

    Құрылысқа рұқсаталу тәртібі?

    Жауап

    Құрылысты заңды түрде бастау үшін мына 4 негізгі қадамнан өту қажет: 1-қадам: СЖТ (АПЗ) және Техникалық шарттарды алу Не істеу керек: eGov.kz порталы арқылы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) және техникалық шарттарды беру» қызметіне тапсырыс бересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі сізге...

    ·
    Сұрақ

    ҚР Заңы бойынша заңсыз құрылыс үшін жауапкершілік қандай?

    Жауап

    МСҚБ (ГАСК) органдары Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы кодекстің 319 немесе 321-баптары бойынша айыппұл салады (заңсыз құрылыс жүргізгені үшін). Жеке тұлғаларға 15-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл. Заңды тұлғалар үшін 2000 АЕК дейін. Ірі залал кезінде ҚР ҚК 277-бабы бойынша қылмыстық...

    ·
    Сұрақ

    Құрылысты заңды түрде (басталмай тұрып немесе құрылыс барысында) рәсімдеу

    Жауап

    Бұл қызметтердің барлығы eGov.kz порталы арқылы электронды түрде және тегін көрсетіледі. 1-қадам: Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ/АПЗ) және техникалық шарттарды алу Сәулет бөлімінен үйдің қалай орналасатыны және инженерлік желілерге (су, жарық, газ) қосылу шарттары жазылған құж...

    ·
    Сұрақ

    Сәулет бөлімі арқылы жер учаскесінің мақсатын қалай өзгертуге болады?

    Жауап

    Өтініш eGov.kz. арқылы беріледі. Сәулет бөлімі жаңа нысаналы мақсаттың (мысалы, "ӨҚШ" - дан "ЖТҚ" - ғанемесе "кәсіпкерлікке") Бас жоспарға сәйкес келетіндігін тексереді. Мақұлданған жағдайда әкімдіктің шешімі шығарылады. Қызмет мерзімі 8 ден 16 күнге дейін. (жер телімі елді мекен...

    ·
    Сұрақ

    АПЗ алғаннан кейін және эскизді келіскеннен кейін құрылысты бірден бастауға бола ма?

    Жауап

    Жоқ. Осыдан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу, Жобаның сараптамасынан өту (ЖТҚ үшін оңайлатылған тәртіппен), авторлық/техникалық қадағалауды жалдау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (ГАСК) міндетті...

    ·
    Сұрақ

    Жеке үйдің (ЖТҚ) эскиздік жобасын бөліммен келісу міндетті ме?

    Жауап

    Иә, міндетті. Құрылысты бастамас бұрын эскиздік жобаны келісу қажет eGov.kz ғимараттың сыртқы келбетін, қабатын және отырғызылуын қызыл сызықтар мен қала құрылысы ережелеріне сәйкестігін растау үшін.

    ·