Ақши ауылында салынып жатқан үйлер туралы жауап берсеңіз?

    "Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

    Сұрақ

    Ақши ауылында салынып жатқан үйлер туралы жауап берсеңіз?

    Жауап

    Күрті ауылдық округінің Ақши ауылында инвесторлар қаражатына тұрғын үйлер салынуда. Жоспар бойынша 86 тұрғын үй салыну қажет. Оның ішінде - 22 Orda Transport ЖШС, 34 - Баймағамбетов Сәкен Дүйсенбекұлы және 30 - Алибаев Жигер Мирасбекович арқылы жүзеге асырылуда.

    Жоғарыда салынып жатқан үйлер СУСН бағдарламасы арқылы үй кезегіне тіркелген әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға арналған (мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасы қайтыс болған тұл жетім немесе әкесі болмаса анасы қайтыс болған толық емес отбасыларға заңда белгіленген тәртібімен "Отбасы банк" арқылы жүзеге асырылады.

    Қазіргі уақытта инженерлік инфрақұрлым тарту, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Құрлысты аяқтау және нысандарды пайдалануға беру уақыты 2026 жылға жоспарланған.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ақши ауылының қай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі?

    Жауап

    2026 жылы Ақши ауылына көше жарығын орнатуды қажет ететін көшелер Т.Бокин мен Қ.Досанов көшесінің қиылысына дейін 200 метр, Қ.Рысқұлбеков пен Б.Бекбатыров көшесінің қиылысына дейін 160 метр, Т Т.Рысқұловтан Қарасай Батыр көшесінің қиылысына дейін 513 метр, М.Ғабдулин көшесі 650 м...

    Сұрақ

    Жамбыл көшесіне асфальт төселенеді ме ?

    Жауап

    2026жылыАқши ауылының Ғ.Мұратбаев, Жамбыл, О.Әубәкіров, Д.Қонаев, Т.Айбергенов, К.Қасымұлы мен Т.Айбергенов және Ғ.Мұратбаев көшелерінің жалғасына орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілді.

    Сұрақ

    К.Қасымұлы көшесінен балалар ойнайтын алаң салынадыма ?

    Жауап

    2026 жылы Ақши ауылының К.Қасымұлы көшесінің бойына комплексты кешен (балалар ойын алаңы-10х15, воркаут-10х15, футбол алаңы-25х45 және демалыс орнын салуға бюджеттікөтінім берілді.