МСАК (Медициналық санитарлық алғашқы көмек) ұйымдарына бекіту - ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде медициналық көмек алу үшін таңдаған емхагнаға азаматтарды ресми тіркеу
Кімдер тіркеле алады:
-Қазақстан Республикасының азаматтары;
-қандастар;
- шетелдіктер және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар;
-балалар — заңды өкілдері арқылы.
Емханаға қалай тіркелуге болады?
-Онлайн: ЭЦҚ пайдаланып eGov.kz порталы арқылы .
-жеке: таңдаған емханаға келіп өтініш жазу арқылы.
Қажетті құжаттар:
- жеке басын куәландыратын құжат .
- балалар үшін — туу туралы куәлік.
Мерзімі және бағасы:
- Мерзімі: 1 жұмыс күні
- Бағасы : тегін
Бас тарту себебі:
- бекітілген халықтың шекті санынан асып кету;
- мәліметтердің дұрыс берілмеуі;
- ТМККК немесе МӘМС шеңберінде көмек алу құқығы жоқ.
Білу маңызды:
- Жыл бойы тіркелуге болады.
- МСАК ұйымына жеке тұлғаны бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.