Мемлекет меншігіндегі жер заңсыз иеленген жағдайда қандай шара қолданылады?

    ·
    Сұрақ

    Мемлекет меншігіндегі жер заңсыз иеленген жағдайда қандай шара қолданылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 44-2 бабының 19-тармағында Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеусіз жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.

    Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 136-бабына сәйкес, мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 164-1 бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

    Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету қағид...

    ·
    Сұрақ

    Баланың тууын қалай тіркеуге болады?

    Жауап

    Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата-аналар немесе басқа да мүдделі тұлғалар баланың туу күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кез келген тіркеуші органға, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берушінің қалауы бо...

    ·
    Сұрақ

    Бір аптадан/онкүндіктен/айдан кейін қолданылу мерзімі аяқталатын ЭЦҚ-ны қалай ұзартуға болады?

    Жауап

    ЭЦҚ қолданылу мерзімін бір неше тәсілдермен ұзарта аласыз: - eGov mobile қосымшасында; - ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде(pki.gov.kz) толық нұсқаулық мұнда; - сондай-ақ сіз жақын жердегі ХҚКО жүгіне аласыз.

    ·
    Сұрақ

    Шөп шабу үшін жер беру туралы

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексі талаптарына байланысты ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жердегі учаскелерін шөп шабу үшiн сұралған жер учаскелеріне алдын-ала таңдау жұмыстары жүргізіліп нәтижесі жер учаскелерін таңдау актісімен және жер учаскелерінің шекараларының жобасымен...

    ·
    Сұрақ

    Кепілде тұрған үйдің құжаттарын рәсімдеу мерзімін ұзарту?

    Жауап

    Тұрғын үйдің техникалық құжаттарын жаңадан қайта рәсімдеуге (өзгертуге) аудан әкімдігі тарапынан келісім берілу тиіс. Бұл ретте, жаңадан жасалатын құжатты қайта рәсімдеп, тұрғын үй құжаттарының түпнұсқасын ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөліміне тапсыруды және бұл...

    ·
    Сұрақ

    Егер медициналық көмек көрсету кезінде денсаулыққа зиян келтірілсе, шағымды қайда жіберуге болады?

    Жауап

    Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру институтын енгізуге байланысты, сапасыз медициналық көмек алып, денсаулыққа және өмірге зиян келген жағдайда, өтініш берушілер алғашқы кезеңде медициналық көмек көрсеткен денсаулық сақтау субъектісіне шағымдана алады.Д...

    ·