Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға тағайындалады. Кедейлік шегі тоқсан сайын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35 пайызы мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес мөлшерде айқындалады. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жеке куәлікпен ауыл, ауылдық округ әкімдігіне, тіркелген және тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгінуге немесе электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда egov.kz Электрондық үкімет порталы немесенемесе екінші деңгейдегі банктердің қосымшасы арқылы өз бетінше өтініш беруге болады