Егер азық-түлік дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% артық көтерсе не істеу керек?

    "Абай облысы Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ

    Сұрақ

    Егер азық-түлік дүкені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% артық көтерсе не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағына сәйкес ішкі сауда субъектісі (иесі) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасынан немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан 15% -дан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

    Сауда үстемесі 15% -дан асқан жағдайда сатып алушы тауар-жөнелту құжатын (жүкқұжатты), тауардың бағасын, сауда объектісінің (ЖК/ЖШС) атауын суретке түсіріп, осы ақпаратпен Бородулиха ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіне алады.

    Егер сатушы түрлі сылтаумен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сатып алу бағасын беруден бас тартса, онда сатушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығының 15-тармағын еске салу қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек алуға қалай өтініш беруге болады?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш беру үшін: 1) egov.kz электрондық үкімет веб-порталына кіру, өтінімді толтыру және ЭЦҚ-пен қол қою, банк шотының нөмірін көрсету; 2) Тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына жүгіну (ауылдық жерде - ауылдық округ әкіміне); 3) Екінші деңгейдегі...

    Сұрақ

    Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар?

    Жауап

    Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 тауар кіреді: Бірінші сұрыпты бидай ұны; 1-сұрыпты бидай ұнынан жасалған нан; Рожки (салмақтық); Қарақұмық жармасы (ядро, салмақтық); Ұнтақталған күріш (дөңгелек, салмақты); Картоп; Асханалық сәбіз; Пияз; Ақ қырыққабат...