Тауар таңбасын тіркеу рәсмі?
Тауар таңбасын тіркеу үшін "ҰЗМИ" РМК-ға тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу Ережесінің 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
3. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууын мемлекеттік тіркеу тәртібі?
Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс. Өтінішке бала тауып алынған кездегі уақыт, орын және мән-жайлар көрсетіле отырып, ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; тауып алынған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және басқа да бала туралы дербес мәліметтер қоса тіркеледі. Медициналық ұйымда баладан бас тартылған жағдайда, осы ұйымның әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша анасының жазбаша өтінішін ресімдеу жөнінде шаралар қолданады.Баланы белгісіз ана қалдырып кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі екі куәгердің қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде хаттамалар тастанды (ата-анасы бас тартқан) баланы тіркеу туралы медициналық ұйымның лауазымды адамының өтінішіне қоса беріледі.
Тауар таңбасын тіркеу рәсмі?
Тауар таңбасын тіркеу үшін "ҰЗМИ" РМК-ға тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу Ережесінің 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
Мүліктің меншік иелерінің бірлестігі қалай тіркеледі?
2020 жылдың 7 қаңтарында пәтер иелері кооперативтерінің 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап күшін жоятын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Олардың орнын жай серіктестіктер (ЖС) мен мен...
2026 жылдың 1 тоқсанында жиі қойылатын сұрақтар тізімі
2026 жылдың 1 тоқсанына өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі № Мемлекеттік орган Жиі қойылатын сұрақтар Қысқаша жауап Толық жауап НҚА-ға сілтеме Негізгісөздер және хештегтер 1. ӘМ «Құқықтық актілер туралы» Заңға антидискриминациялық сараптама нормасын енгізу Нор...
Кешенді әлеуметтік заң көмегі дегеніміз не?
Осы баптың2-тармағындакөрсетілген тұлғаларға, клиентті заң көмегін сұрап өтініш жасаған кезінен бастап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен іс бойынша қорытынды құқықтық шешім қабылданғанға (құқықтық жағдай шешілгенге) дейін құқықтық қолдап отыруды білдіретін...
Әділет органдарының құқықтық түсіндіру жұмысының негізгі мақсаты?
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, құқытары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Заң кеңесшісі қандай қызмет көрсетеді?
Кеңес беру, құқықтық қорытындылар дайындау, құжаттарды әзірлеу және сараптау (келісімшарттар, талаптар, жергілікті актілер), қызметті құқықтық талдау, мүдделерді білдіру (заң шеңберінде).
Заң кеңесші мен адвокаттың айырмашылығы неде?
Заң кеңесшісі заңгер емес; оның адвокат мәртебесі жоқ, бірақ өз біліктілігі шеңберінде заңгерлік көмек көрсетеді, ал адвокат – лицензиясы бар және заңмен неғұрлым тар реттелетін заң қызметі шеңберінде әрекет ететін маман.
Авторлық құқық қанша уақытқа жарамды?
Авторлық құқық автордың өмір бойы және қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы сақталады. Бірлескен авторлармен жасалған туындыға авторлық құқық автордың өмір бойы және соңғы аман қалған автор қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы сақталады.