Мұндай іс-шараларды өткізу тәртібі «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңымен реттеледі.
Өтінім беру мерзімі:
Митинг, пикет немесе шеру үшін — іс-шараға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Демонстрация үшін -10 жұмыс күні.
Өтінімде не көрсетіледі:
іс-шараның мақсаты мен нысаны (митинг, пикет, шеру және т.б.),
өткізу орны немесе бағыты,
басталу және аяқталу күні мен уақыты,
қатысушылардың болжамды саны,
ұйымдастырушылар мен жауапты тұлғалар туралы деректер (аты-жөні, тұрғылықты жері және жұмыс/оқу орны), өтініш берілген күні.
Өтініш жергілікті әкімдікке беріледі. Өтініш беру мерзімі әкімдікте тіркелген күннен бастап есептеледі.
Өтінішті қарау: әкімдік өз шешімі туралы хабарлайды:
іс-шараға дейін 5 күннен кешіктірмей – жиналыстар, пикеттер мен шерулер үшін;
демонстрациялар үшін 7 күннен кешіктірмей