Аң аулауға рұқсат етілген мерзімдер қандай?

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Аң аулауға рұқсат етілген мерзімдер қандай?

    Жауап

    Аң аулау қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген) аң аулау мерзімі өңір мен жануарлардың түріне байланысты өзгеруі мүмкін:
    Су тышқан (ондатра) - 1 қазаннан 15 ақпанға дейін;
    Кәдiмгi тиiн - 20 қазаннан 15 ақпанға дейін;
    Қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, аққалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), сiлеусiн (түркістандықтан басқасы), жанат, қоян (ақ қоян, ор қоян) - 1 қарашадан 15 ақпанға дейін (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** 15 қазаннан бастап);
    Құм қоян - 1 қарашадан бастап 31 қаңтарды қоса алғанда;
    Бөдене, кептер, түркептер - 20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау);
    Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ
    Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – тамыздың соңғы сенбісінен 30 қарашаға дейін. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстары қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін. Атырау облысы – 15 қырүйектен 15 желтоқсанға дейін.
    Маңғыстау, Түркістан облыстары – қыркүйектің екінші сенбісінен 31 желтоқсанға дейін (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз бен 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі);
    Қоңыр аю (тянь-шань аюынан басқа) - қыркүйектің алғашқы сенбісінен 30 қараша аралығында аталықтары мен қысыр қалған аналықтарын көктемгi аулауға 15 сәуір мен 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi (тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қатер төнген, материалдық залал келтірген жағдайда, уәкілетті органның және жерілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдарының аң аулау мерзімдеріне қарамастан қоңыр аюды атуға жол беріледі);
    Қабан, құдыр - қыркүйектің алғашқы сенбісінен 31 желтоқсанға дейін;
    Сібір елігі, сібір тау ешкісі, марал, аскания бұғысы, бұлан - 15 шілдеден аталықтарына, 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін аналығы мен төлдеріне;
    Саңырау құр - 1 қазан мен 30 қараша аралығында, аталықтарын көктемгi аулауға 10 сәуір мен 15 мамыр кезеңiнде 15 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi;
    Құндыз - 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;
    Қырғауыл - 1 қарашадан бастап 31 желтоқсанға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 1 қазаннан бастап);
    Қасқыр - 1 қарашадан бастап 1 наурызға дейін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Кітапхана қоры қалай қалыптастырылады?

    Жауап

    Кітапхана қоры бірнеше тәсілмен құрылады:Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жаңа кітаптар сатып алу. Кітапхана оқырмандардың сұрауларын есепке ала отырып, қажетті әдебиеттердің тізімін жасайды, содан кейін қаражат бөлінсе тапсырыс береді;Кітап алмасу және сыйға тарту - кітапхан...

    Сұрақ

    Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда іс қағаздары қай тілде жүргізіледі?

    Жауап

    ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл - қазақ тілі.Мемлекеттік тіл - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі...

    Сұрақ

    Бюст орнату бастамасын кім көтере алады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында бюст (ескерткіш) орнату мәселесі тарихи-мәдени мұраны қорғау және монументтік өнер объектілерін орналастыру қағидаларына сәйкес реттеледі. Бұл бастама еркін түрде көтеріле алады, алайда шешім қабылдау белгілі бір рәсімдік тәртіп арқылы жүзеге асырылады.1...

    Сұрақ

    Өтінішті кері қайтарып алу тәртібі қандай?

    Жауап

    1) e-Otinish / eGov арқылыЕгер өтініш электрондық түрде берілсе:пайдаланушы жеке кабинетке кіреді;берілген өтінішті ашады;«Өтінішті кері қайтарып алу» функциясын таңдайды;кері қайтарып алуды растайды.2) Қағаз түрінде (кеңсе арқылы)Егер өтініш жазбаша берілсе:өтінішті кері қайтары...

    Сұрақ

    Дворда сыртқы жарықтандыруды немесе спорттық жабдықтарды орнату үшін өтінішті қалай беруге болады?

    Жауап

    Дворда сыртқы жарықтандыруды немесе спорттық жабдықтарды орнату үшін азамат e‑отыныш порталы — тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) электрондық өтініш беру жүйесі арқылы өтініш бере алады.Портал e‑отынышта:Туған күн және жеке куәлік деректерімен (ИИН) жүйеге кі...

    Сұрақ

    Діни әдебиетті қайда таратуға болады?

    Жауап

    ҚР Дін қызметі және діни бірлестіктері туралы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес, діни әдебиетті, басқа да діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадатханаларда (ғимараттарда), діни (рухани) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, р...

    Сұрақ

    Миссионерлік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Миссионер тіркеуді алу үшін, қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқару органының дін қызметі саласындағы жергілікті әкімдігіне жүгіну және келесі құжаттарды ұсыну қажет: өтініш;жеке куәлікті растайтын құжаттың көшірмесі;дін бірлестігі берген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру ө...

    Сұрақ

    Діни шараларды культ құрылыстарының сыртында өткізуге болады ма?

    Жауап

    Иә, болады. Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңының 7-1-бабына сәйкес, осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген діни іс-шараларды қоспағанда, ғибадат үйлерінен (құрылыстарынан) тыс жерлерде өткізілетін діни іс-шаралар туралы хабарлама беру...