Жеке тұрғын үйге жер алу үшін өтініш қай органға беріледі?
Жеке тұрғын үйге жер алу үшін өтінішті жергілікті өзін-өзі басқару органына, яғни ауылдық, кенттік немесе қалалық әкімдіктеріне электрондық үкімет порталы арқылы жіберіледі.
Өңірімізде мал жайылымы күрделі мәселенің бірі. Осыған байланысты азаматтар мал жайылымдығы үшін жер учаскесін қалай рәсімдейді?
ҚР жер заңнамаларымен ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін табыстауға бөлек бап қаралған және бұл мақсатта учаскенің тек конкурстық тәртіпте берілетіні белгіленген (ҚР Жер кодексінің 43-1 бабы).
Жер учаскесін алуға мүдделі тұлға (азамат немесе заңды тұлға) учаске орналасқан жердің әкімдігіне өтініш білдіре алады.
Әкімдіктің салалық құрылымдық бөлімшесі – жер қатынастары бөлімі азаматтардың өтініштерін ескере отырып конкурсқа шығарылатын учаскелердің тізімін қалыптастырады.
Учаскелер ауыл әкімі, қоғамдық кеңес және ауыл шаруашылығы кешені мекемелерімен келісіледі.
Келісілген учаскеге жерге орналастыру жобасы әзірленіп, дайын учаске конкурсқа шығарылады. Конкурс туралы хабарламаларды аудан әкімдігінің интернет сайтынан қарауға болады.
Конкурсты өткізу Қағидасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген.
Жеке тұрғын үйге жер алу үшін өтініш қай органға беріледі?
Жеке тұрғын үйге жер алу үшін өтінішті жергілікті өзін-өзі басқару органына, яғни ауылдық, кенттік немесе қалалық әкімдіктеріне электрондық үкімет порталы арқылы жіберіледі.
Қызылорда қаласы бойыншаауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері қандай?
Қызылорда облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшеріОблыстық Мәслихат пен облыс әкімиятының 2014 жылғы 02 шілдедегі №203/633бі...
Қызылорда қаласы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері қандай?
Уақытша жер пайдалану құқығымен ҚР-ның азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін болуы мүмкін республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең...
Қызылорда қаласының 1 (бір) шаршы метрге төлемақының базалық ставкасы қанша теңге?
«Қызылорда қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкасын белгілеу туралы» бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 наурыздағы №369 қаулысына және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы №19 шешіміне өзге...
Жер учаскесіне құқықты табыстау реттілігі қандай?
ҚР Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер учаскесіне құқық беру төмендегідей тәртіппен жүргiзiледi: 1) жер учаскесiне тиiстi құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау; 2) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынш...
Пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет қайтарып ала алады ма?
Мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн мемлекет мәжбүрлеп алып қоюға құқылы.
ҚР азаматтарына бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін берілетін жер көлемі?
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 2 тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар мөлшерде жер беріледі.
ҚР азаматтарына бау-бақша үшін берілетін жер көлемі?
ҚР Жер кодексінің 50-бабының 2-1 тармағының Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері ҚР азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.