ҚР Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің 55-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы жою жөніндегі өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынуға міндетті.
Жоюды қамтамасыз ету мынадай тәсілдердің бірімен жүргізіледі: кепілдік, банк салымының кепілі не сақтандыру.
Екінші деңгейдегі банк, шетелдік банк немесе акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа түсетін ұйым кепілгер бола алады. Егер кепілгер шетелдік банк немесе акциялары ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа түсетін ұйым болса, мұндай кепілгерлер, егер осы Кодексте көзделмесе, құзыретті орган айқындайтын шетел валютасындағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарға сәйкес келуге тиіс.
Шетел валютасындағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг бойынша шарттарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 293 бұйрығы.
Кепіл заты Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе ұлттық пошта операторында орналастырылған банктік салым ғана бола алады. Салым теңгемен немесе шетел валютасымен енгізілуі мүмкін. Заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы таратылған жағдайда, оның банкроттығын қоса алғанда, кепіл заты конкурстық массаға енгізілмейді, ал кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдаланушының өзге мүлкі есебінен өз талаптарын қанағаттандыруға қатысатын кредитор болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 147 бұйрығы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде банктік салым кепілі шартын жасасу қағидаларын және үлгілік нысандарын бекіту туралы
Жер қойнауын пайдалану салдарларын жою жөніндегі өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы, оның күшіне орай жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген тәртіппен жер қойнауын пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындамауы (сақтандыру жағдайы) Қазақстан Республикасының пайдасына сақтандыру сомасын төлеуге әкеп соғады (пайда алушы).
Осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты жер қойнауын пайдаланушының мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 148 бұйрығы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шартының үлгілік нысанын бекіту туралы