ҚР Орман кодексінің 54- бабына және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 31.03.2020 жылғы №85 бұйрығының 2- тарау 4- тармағына сәйкес өтініш беруші мемлекеттік орман қорынан орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуді келісу үшін уәкілетті органның атына мынадай құжаттардың көшірмесін жолдауы қажет:1) орман мекемесінің жазбаша келісімі;
2) мемлекеттік орман қорының жер учаскесін таңдау туралы акт;
3) сұралып отырған жер учаскесінің шекаралары көрсетілген орман орналастыру жобасынан масштабы 1:10000 орман картасының (планшетінің) көшірмесі;
4) қарауына орман мекемесі жататын мемлекеттік органның жазбаша келісімі;
5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жазбаша келісімі;
6) II, III және IV санаттардағы объектіге арналған құрылыс жобаларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10636 болып тіркелген) Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларына сәйкес экологиялық сараптама;