2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енген Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 29-бабындағы Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар бойынша осы баптың 5 тармағына сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының негізінде және соған сәйкес жүргізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекске 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін негізге ала отырып әзірлейтіні қарастырылған.
Демек, жобаның мақсаты осы тізбедегі шараларға сәйкес, яғни қоршаған ортаны қорғауға қатысты болуы қажет.
Алайда, Сізбен ұсынылған жоба қоршаған орта сапасының адам денсаулығына әсерін бағалауды көздейтіндігін назарыңызға саламыз.