Қызылорда облысы бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда, Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Бұл белгі кәсіпкерге Еуропа елдеріне балық өнімдерін экспорттауға рұқсат береді. 10 балық өңдеу зауттарының 8-і Арал ауданында ал қалған екеуі 2-і Қазалы ауданында орналасқан. Жалпы бұл зауыттарда 500-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Балық өңдеу зауыттарының жалпы қуаттылығы жылына 23,8 мың тоннаны құрайды.
Салқындатылған және мұздатылған балық, сондай-ақ көксерке филесі ішкі нарықта экспорттық өнімдер мен сатылымның айтарлықтай үлесін алады. Өңдеуге арналған негізгі шикізат: көксерке, табан, шортан, торта, тұқы. Дайын өнімнің ассортименті: филе, кептірілген, ысталған, салқындатылған және мұздатылған балық, қанаттар, фарш, балық ұны.
Сонымен қатар, 2024 жылы облыс бойынша 4010 тонна балық өнімдері 13 шет мемлекетке экспортталды.