Ия, борышкермен сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамасаҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен жауапкершілік қарастырылған. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен жауапкершілік қарастырылған.
ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.