Заңды тұлғаның таратылуын тіркеу үшін:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш;
2) заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның не бұған құрылтай құжаттарымен уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының заңды тұлға мөрiмен бекемделген шешiмi ұсынылады. Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;
3) заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлардың талаптарды мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпараттың Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланғанын растайтын құжат;
4) заңды тұлғаның мөрiн (ол болған кезде) жою туралы құжат;
5) коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені үшін тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды жинақтап «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясының (фронт офистері Халыққа ХҚКО қызмет көрсету орталықтары) арқылы тапсырылады.
Тіркеу мерзімі: бес жұмыс күні.