Дербес деректер қорғалуға жатады, оған мемлекет кепілдік береді және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Дербес деректерді қорғау шаралар кешенін құрайды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін қолдану арқылы жүзеге асырылады.Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға сәйкес дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға міндетті.Сонымен қатар азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізе алатын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімі бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тексерілуге жатады.