"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

    ·
    Сұрақ

    "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

    Жауап

    «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 38 ауылдық елді мекенге талшықты оптикалық интернет желісін жүргізу және облыс бойынша облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған.

    Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 9-шы іс-шарасында Республикалық және негізгі облыстық автомобиль жолдарын мобильді кең жолақты интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу (Талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу, Антенналық-діңгектік құрылым (бұдан әрі-АДҚ ) және трансмиссиялар орнату, электр энергиясын жеткізу) көзделген.

    Аталған іс-шараны орындау мақсатында, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы, “КСЕЛЛ” АҚ және аудан әкімдіктерінің мамандары бірлесіп, республикалық автомобиль жолдарында АДҚ (Антенналық-діңгектік құрылым) қондырылатын орындарын (ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен белгіленді) қосымша зерделеп, нақтылау жұмыстарын жүргізді.

    Бүгінгі таңда белгіленген орындар бос және басқа желілермен және объектілермен қабаттаспайды, АДҚ орнату орындарын өз меншігіне тіркей отырып, ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) және электр энергиясын қосуға техникалық шарттар алынды.

    Жұмысты жеделдету мақсатында 5 АДҚ құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары бойынша демеуші компаниямен меморандум жасақталды.

    Қазіргі таңда 5 антенна-діңгек құрылысына жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, барлық 5 антенна-діңгек құрылысына сараптама нәтижесінде оң қорытынды алынды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ақпараттық қауіпсіздік бойынша алғашқы шаралар қандай ?

    Жауап

    Ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау үшін келесі қадамдарды орындау қажет: - Құпия сөздер мен аутентификацияны күшейту (құпия сөздерді күрделі жасау, екі факторлы аутентификация қолдану). - Антивирус бағдарламаларын орнату және жаңарту. - Wi-Fi мен желілерді қорғау (құпия с...

    ·
    Сұрақ

    Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз не?

    Жауап

    Ақпараттық қауіпсіздік — бұл ақпаратты қорғау, оның тұтастығын, құпиялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар мен принциптердің жиынтығы. Ақпараттық қауіпсіздік компьютерлік жүйелерде, желілерде және түрлі құрылғыларда сақталатын ақпаратты қорға...

    ·
    Сұрақ

    Істер номенклатурасын жасау кезінде қандай құжаттар басшылыққа алынады?

    Жауап

    Істер номенклатурасын жасау кезінде құрылтай құжаттары, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттардың үлгілік, салалық (ведомстволық) тізбелері, істердің үлгілік (үлгілік) номенклатуралары, құрылымы (шта...

    ·
    Сұрақ

    Жеке тектік құжат дегеніміз не?

    Жауап

    Жеке тектік құжаттар – бұл жеке азаматтың, отбасының, рудың өмірі мен қызметі барысында қалыптасатын құжаттар. Олардың үлкен тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар және тарихи-мәдени мұраның құрамдас бөлігі болып табылады.

    ·
    Сұрақ

    «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтінішті қандай жолдармен беруге болады?

    Жауап

    Өтініш берудің жолдары: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпорациясы» КЕАҚ арқылы; 2) «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы; 3) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беруге болады. .

    ·
    Сұрақ

    5G базалық станцияларын орнату бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

    Жауап

    Қазіргі таңда Атырау қаласында халық көп шоғырланатын жерлерде 5G технологиясы бойынша интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін 108 базалық станция бар. Құлсары қаласында 5G технологиясы бойынша 6 базалық станция бар.

    ·
    Сұрақ

    Өңірдің интернетпен қамтылу көрсеткіші қандай?

    Жауап

    Ауылдық елді мекендерде кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша - Атырау облысында 153 елді мекен бар, оның ішінде «Талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша ауылдық елді мекендерде интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасына сәйке...

    ·