Іс- әрекетке қабілетсіздер деп танылған азаматқа қамқоршылық тағайындау
Психикалық ауытқушылықтың салдарынан өз іс-әрекеттерінің мағынасын түсіне алмайтын немесе оларға басшылық жасай алмайтын азаматты сот азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін.
Азаматты қорғаншылық және қамқоршылық органы әрекетке қабілетсіз деп танығаннан кейін қорғаншылық белгіленеді.
Мемлекет қорғаншылықты ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар арқылы әрекетке қабілетсіз кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі өз функцияларын жүзеге асырады.
Қорғаншы – қамқорындағы азаматтың атынан барлық маңызды заңды әрекеттерді жүзеге асырады.