Өз жеке меншік жеріне қандайда бір құрылыстар салу үшін не істеу қажет?
«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығына сәйкес, құрылыс салуға рұқсат құжаттарын (Жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ), "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу") жеке және заңды тұлғалар ЭЦҚ арқылы "Электрондық үкіметтің" веб-порталына өтініш беру арқылы ала алады.