Жоспарлы госпитализация - бұл шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін созылмалы аурулар мен өмірге қауіпті емес жағдайлардың көрсеткіштері (анықталған жағдайда) болған кезде пациентті стационарға емдеуге жіберу. Жоспарлы емдеуге жатқызу пациенттің медициналық ұйымды таңдауын ескере отырып, бірнеше күн ішінде емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы жүзеге асырылады.
Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін:
1. Тіркелген жері бойынша дәрігерге барыңыз. Көрсетілім болған
жағдайда емхананың емдеуші дәрігері оны тексеруді жүзеге асырады, ауруды
диагностикалау үшін қажетті зерттеулерді толық көлемде тағайындайды.
2. Емхана жағдайында (қажетті) минималды тексеруден өту.
Емдеуші дәрігер стационар бөлімшесінің меңгерушісімен бірлесіп
науқасты емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім шығарады. Дәрігер жоспарлы
госпитализацияға көрсеткіштерді анықтаған кезде пациент дәрігерге медициналық
ұйымды таңдау туралы айтуы керек. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі туралы шешім
шығарылған жағдайда дәрігер жолдаманы ресімдейді (міндетті түрде Денсаулық
сақтау ұйымын таңдау бойынша пациенттің тілектерін ескере отырып).
Стационарды еркін таңдау бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу үш
тетікпен жүзеге асырылады:
1. Стационар маманының жоспарлы емдеуге жатқызу күнін айқындауы
(пациентке емдеуге жатқызуға жолдаманы стационар күнді анықтағаннан кейін 2 күн
ішінде береді).
2. Пациенттер өз бетінше жүгінген кезде және стационар
басшысының пациентті осы стационарға жатқызу туралы шешімі (халықтың әлеуметтік
қорғалмаған санаттары үшін) кезінде стационардың қабылдау бөлмесі маманының
жоспарлы емдеуге жатқызу күнін айқындау.
3. Жоспарлы емдеуге жатқызу күнін автоматты түрде анықтау
(пациентке тіркелген күні емдеуге жатқызуға жолдама беріледі).
Стационарға жоспарлы түрде жатқызу кезінде пациент өзімен бірге
келесі құжаттарды алып жүруі қажет
1. Жеке куәлік.
2. Барлық талдаулар мен диагностикалық зерттеулердің нәтижелері.
3. Жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберген медициналық ұйымды
емдеуге жатқызуға жіберу