Өтінішіңізді қайтарып алу үшін керек әрекеттер:
1. https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту.
2. «Менің өтініштерім» бетінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті іздеп табу («Орындалды» мәртебесіне ие өтініштерден басқа).
3. Кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу.
4. «Комментарий» өрісіне қайтарып алу себебін көрсету (кемінде 50 таңба).
5. ЭЦҚ немесе Digital ID көмегімен кері қайтарып алуға қол қою.
6. Мемлекеттік орган кері қайтарып алу өтінішін қарайды, өтініш "Тіркелді" мәртебесін алған жағдайларды қоспағанда - бұл мәртебедегі өтініш қараусыз бірден кері қайтарылады. Меморган кері қайтарып алуды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Оң жауап болса, «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады. Қабылданбаған жағдайда өтініш мәртебесі кері қайтарып алуға арыз жібергенге дейінгі мәртебеге оралады.