Жоғалған «Күміс алқа» белгісі кітапшасын қалпына келтіруге қатысты жазған өтінішке сәйкес келесіні хабарлайды.
Мемлекеттік наградалар мен олардың құжаттарының көшірмелерін беру тәртібі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 38-бабының шарттарымен реттеледі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ие болған адамдар олардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік наградалар мен оларға қоса берілген құжаттар жоғалған жағдайда наградталғандар өздерінің наградаларға құқығын сақтайды. Жоғалғандардың орнына «Алтын Қыран» орденінің, Алтын жұлдыздың, ордендердің, медальдар мен омырауға тағатын ерекшелік белгілерінің дубликаттары, әдетте берілмейді. Ерекшелік ретінде олар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімімен өрт, жер сілкіну және басқа да дүлей апаттар салдарынан жоғалған, яғни наградталған адам оларды жоғалудан сақтап қала алмаған жағдайда ғана беріледі. Наградтау туралы құжаттар жоғалған жағдайда олардың дубликаттары жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімімен беріледі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 38-бабы).