Тұрғын үйге қалай кезекке тұруға болады?

    Исатай ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Тұрғын үйге қалай кезекке тұруға болады?

    Жауап

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.

    Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған:

    1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

    1-1) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;

    2) осы Заңның 68-бабының 1-1) – 5), 7,) 8), 10) және 11) тармақшаларында аталған, тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

    Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;

    3) мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

    4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою туралы өтінішті веб-платформа арқылы беруге құқылы https://www.kezekte.kz/

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке кәсіпорындарда, ұйымдарда, пәтерлерде және үйлерде мемлекеттік жалаушаларды орнатуға бола ма? Мүмкін болса, ережелер бар ма?

    Жауап

    "ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Заңның 4-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларының 4-тармағында: - Мемлекеттік ту басқа ғимараттарда (үй-ж...

    Сұрақ

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде келтірілген залал салдарынан қандай мүлік өтелмейді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстарға, сондай-ақ көркемдік құндылығы бар заңсыз салынған объектілерге, сондай-ақ...

    Сұрақ

    Табиғи төтенше жағдай дегеніміз не? Жергілікті төтенше жағдайды кім жариялайды?

    Жауап

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдай-қауіпті табиғи құбылыстардың (геофизикалық, геологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс), табиғи өрттердің, зақымдану эпидемияларының, ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен ормандардың аурулар мен зиянкестермен за...

    Сұрақ

    Қандай жолданымдар «Е-Өтініш» АЖ-те есепке алынбайды?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданым...

    Сұрақ

    Білім алып жатқан азаматтар «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» қызметін қалай ала алады?

    Жауап

    Қызметті алу үшін elicense.kz порталына кіру қажет. «Қауіпсіздік» қойындысында тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік мекемені таңдаңыз. Әрі қарай, ұсынылған және қосымша жолдарды толтырып, кейінге қалдыру себебін, сондай-ақ әскери есепке алу мәртебесінің орналасқан жерін көр...

    Сұрақ

    Автомобиль жолдарының бойында сыртқы жарнаманы орналастыруға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз: "Онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтіңіз, содан кейін жаңа терезеде "электрондық лицензиялау" порталы ашылады немесе "электрондық лицензиялау"порталында тіркеледі "Электрондық лицензиялау" порталының бетінде "онлайн қызметке тапсырыс...

    Сұрақ

    Мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарды қайдан көре аламыз және қалай қатысамыз?

    Жауап

    Мемлекеттік орган жариялаған жалпы конкурстар https://eqyzmet.gov.kz сайтында орналастырылады. Егер, Исатай ауданы әкімдігінің бос тұрған лауазымдарына жұмысқа орналасуға ниет білдірген жағдайда, тиісті бос тұрған лауазымды таңдап (егер таңдаған бос лауазымның біліктілік талаптар...

    Сұрақ

    Әкімдердің қабылдауына қалай тіркелсе болады?

    Жауап

    ӘРПК-нің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылар және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдер...