Қазақстан Республикасының жер заңнамасында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері тікелей жергілікті әкімдіктердің шешімдерімен (оларды сауда-саттықта сатпай) берілуі мүмкін жағдайлар көзделген. Берудің айрықша жағдайлары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көрсетілген. Мұндай жағдайларға қолданыстағы құрылыстар мен ғимараттарды орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін жер беру, оның ішінде кондоминиум қатысушыларына кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау үшін, халықтың жеке ауласын күтіп-ұстау жөніндегі мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында жайылымдық және шабындық алқаптарды пайдалану үшін, бау-бақша өсіру үшін, жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, бағбандық үшін, саяжай құрылысы үшін жер беру жатады. Осы мақсаттар үшін жерге құжаттарды ресімдеу кезінде өтінішке жер учаскесінің орналасқан жері, ауданы, оның нысаналы мақсаты, құқық түрі жазылады, сондай-ақ сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы қоса беріледі.