Жауын-шашын әсерінен тұрғын үйі суға кетуіне байланысты арыздарға. Атырау қаласы Мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі қабылданған №55 шешімі негізінде, өтініш білдірген айдың алдыңғы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы (68436 теңге 1,5 күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда) мүгедектігі бар азаматтарға арнайы комиссияның шешімімен біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылатын болады. Отбасында айлық кірісі жан басына шақканда күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда төменде көрсетілген құжаттарды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Сәтпаев көшесі, 23 үй, байланыс телефон 51-23-69) тапсыруына болады: - жанұя мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары; - жанұя мүшелерінің табыстары туралы анықтамалары; - өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт немесе құжат. Талап етілетін құжаттар, жинақталу ретіне қарай қалалық әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссияның қарауына ұсынылатын болады.